Соңғы минут

Қазақстан

Қазақстанда 3,8 млн жеңіл көлік тіркелген

Қазақстанда 3 млн 824 мың 200 жеңіл көлік тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Биылғы қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанда 610 120 жеңіл автомобиль тіркелген. Бұл, 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,6% көп. Қазақстан Республикасында 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3824,2 мыңды құрайды. Биылғы тоғыз айда ел өңірлерінде 9422 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 13844 адам зардап шеккен. Өткен жылға қарағанда апаттылық 5,5% артқан. 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша көлік құралдары иелеріне сақтандыру ұйымдары 27,2 млрд теңге сомасына 60 482 сақтандыру төлемін жасаған.

Related articles