Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Қазақстанның сыртқы істер министрімен кездесті
2026 жылғы 2 қазанда Қазақстанға жұмыс сапары аясында Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті, профессор Ақтоты Райымқұлова Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесті.
Кездесу барысында Ақтоты Райымқұлова Қордың 2024–2026 жылдардағы қызметінің негізгі нәтижелерін таныстырды. Түркі халықтарының мәдени мұрасын сақтау, зерттеу және оны халықаралық деңгейде кеңінен насихаттауға бағытталған жобаларға ерекше назар аударылды.
Тараптар Қордың алдағы жылдардағы басым бағыттарын және Түркі әлемі елдері арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған жоспарлы бастамаларды талқылады.
Сонымен қатар Қазақстанмен мәдениет және мәдени мұраны қорғау салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары қарастырылды.







