Ресейдің ЖОО филиалдарын өзімізде ашу жастардың кетуіне тежеу болады – педагог

Ресейдің ЖОО филиалдарын өзімізде ашу жастардың кетуіне тежеу болады – педагог

КӨКШЕТАУ.ҚазАқпарат – Ресейдің жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу талантты жастардың шетелге сапалы білім іздеп кетуіне тежеу болады. ҚР Президентінің Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзіне қатысты Көкшетау қаласының №2 мектеп-лицейінің директоры Гүлнәр Әбдіқасымова осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президент айтқан көптеген мәселелер экономиканың дамуына байланысты болды. Мысалы, жаңа Атом электр станциясын салу мәселесі көтерілді, өйткені бізге арзан электр энергиясы қажет. Қазақстан, әсіресе біздің солтүстік өңір уран кеніштеріне бай. Менің ойымша, мұндай электр станциясын құру үшін барлық жағдай жасалған және бұл – дұрыс қадам. Халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян тигізбеу үшін құрылыс сауатты жүргізілуі қажет», – дейді Гүлнәр Әбдіқасымова.

Педагогтың айтуынша, Қазақстанда өз өндірісін көтеру қажеттілігі бұрыннан пісіп-жетілді. Егер көрші Қытай электромобильдерге ауысса, Қазақстан экологияға орасан зор зиян келтіретін ескі машиналарды сатып алуды жалғастыруда.

«Білім беру мәселелеріне келетін болсақ, бізде Ресейдің жетекші университеттерінің, әсіресе инженерлерді, технологтарды және басқа да көптеген қажетті мамандықтарды дайындайтын техникалық университеттердің филиалдарын ашу жоспарланғанын құптаймын. Мұғалім және мектеп директоры ретінде мен соңғы жылдары жағымсыз үрдісті байқаймын. Біздің ең жақсы түлектеріміз Ресейге кетеді. Онда оларға барлық жағдай жасалған. Шетелдік студенттерге арналған жатақханалар мен стипендиялар бар, ҰБТ тапсырудың қажеті жоқ. Бұл өте ақылды, білімді, қабілетті балалар. Олардың көпшілігі Қазақстанға оралмайды, бірақ Ресейде жұмыс істеуге және тұруға қалады. Егер біздің елімізде Ресей университеттерінің филиалдары ашылса, балалар осында қалады деп үміттенемін. Балалар өз Отанында қалуы үшін қандай да бір шарттар жасау керек шығар, өйткені бізге қазір жақсы мамандар керек», – деп толықтырды Гүлнәр Әбдіқасымова.

Педагог Президент көтерген мәселелерді құптайтынын айтады. Экономиканың өнеркәсіптік секторына назар аудару жаңа жұмыс орындарын құруға және халықтың кетуін азайтуға көмектеседі.

«Тағы бір маңызды тақырып – еңбекақы. Қазір мұғалімдердің айлығы жақсы. Бірақ техникалық қызметкерлерге келетін болсақ, олар бухгалтерлер, хатшылар, кеңсе қызметкерлері, фермалар, техниктер, оларсыз мектеп өмір сүре алмайды, олардың еңбекақсы төмен», - дей келе, Гүлнәр Әбдіқасымова Мемлекет басшысы көтерген инфляция тақырыбына да назар аударды.

«Өкінішке орай, біз Қазақстанның солтүстігінде климатқа байланысты өмір сүру жағдайлары қиын екенін байқаймыз. Бұрын бізде Солтүстік коэффициент болған, бірақ қазір ол алынып тасталды. Неліктен ҚР бойынша бюджет қызметкерлері солтүстік пен оңтүстікте бірдей жалақы алады? Олардың өмір сүру шарттары әртүрлі. Солтүстікте қысқы киімге, отынға және азық-түлікке көбірек ақша жұмсалады. Оңтүстікте тіпті өнімдер арзанырақ. Мемлекет бағаны реттеуі тиіс деп есептеймін, ал егер бұл мүмкін болмаса, бұл коэффициентті қайта жандандыру қажет», - деп түйіндеді Гүлнәр Әбдіқасымова.