Түркі мәдениеті және мұрасы қорының Президенті Ақтоты Райымқұлова Францияға ресми сапары аясында ЮНЕСКО жанындағы Түркі мемлекеттерінің тұрақты өкілдерімен кездесті.
Кездесуге Түркі мәдениеті және мұрасы қорының Президенті Ақтоты Райымқұлова, Әзербайжан Республикасының ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі, Елші Эльман Абдуллаев, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі, Елші Асқар Әбдірахманов, Қырғыз Республикасының Франция Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қырғыз Республикасының ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі Садық Шер-Нияз, Түркия Республикасының ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі, Елші Гүлнұр Айбет, Өзбекстан Республикасының ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі, Елші Камол Мұхтаров, Түрікменстанның Франция Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Түрікменстанның ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі Мақсат Чарыев қатысты.
Кездесуде Түркі мәдениеті және мұрасы қорының түркі мемлекеттері мен халықтарының мәдени мұрасын халықаралық аренада сақтау және ілгерілету жөніндегі қызметі айтылды. 2023 жылғы 3 қарашада Астанада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының (ОТГ) саммитінде Түркі елдерінің басшылары қабылдаған TURKTIME стратегиялық даму бағдарламасы аясында Қордың жобалары талқыланды, оларды ағымдағы және келесі жылдары іске асыру жоспарланып отыр.
Кездесуде ЮНЕСКО-ның әлемдегі мәдени мұраны сақтаудағы маңызды рөлі атап өтілді. Ерекше әмбебап құндылықтарға ие ескерткіштері бар ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне ерекше назар аударылды. Қор ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізу үшін түркі әлемінің трансұлттық номинацияларын дайындап жатқаны айтылды. Әңгіме барысында ЮНЕСКО Түркі мәдениеті және мұрасы қорымен түркі мемлекеттерінің номинацияларын "Әлем жады” халықаралық тізіміне (Memory of the World) ұсыну бағытында ынтымақтасуға дайын екендігі атап өтілді.
Кездесуде Қор түркі әлемінің алғашқы энциклопедиялық туындысы болып саналатын "Диуани Лұғат ат-түрік" 950 жылдығына арналған баспа жобасын іске асыруды, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның Бас штабында кітаптың тұсаукесерін жоспарлап отырғаны атап өтілді.
Кездесу Қордың ЮНЕСКО жанындағы Түркі мемлекеттерінің тұрақты өкілдіктерімен халықаралық аренада түркі мәдени мұрасын кеңінен тарату бағытында одан әрі ынтымақтастығы туралы талқылаулармен жалғасты.