БАКУ /TurkicWorld/ - Түркі мәдениеті мен мұрасы қорында Ұйым Президенті Ақтоты Райымқұлованың Түркияның Азербайжандағы бұрынғы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Түркияның «Имза» қоғамдық бірлестігіндегі өкілі Хулуси Кылычпен кездесуі өтті.
Кездесуде Қордың президенті Ақтоты Райымқұлова бірінші кезекте Түркия Республикасың құрылғанына 100 жыл толуымен құттықтады. Биылғы жылы Түркі әлемінде салтанатты түрде атап өтілетін мерейтойлардың қатарында қазіргі Тәуелсіз Азербайжан мемлекетінің негізін қалаушы жалпыұлттық көшбасшы Гейдар Әлиевтің 100 жылдығын ерекше атап өтті.
Кездесуде Хулуси Кылыч Ақтоты Райымқұлованы Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті қызметіне тағайындалуымен құттықтады. Ол Қорды Түркі әлемінің материалдық-мәдени мұрасын сақтау мен насихаттаудың маңызды платформасы ретінде бағалады.
Кездесу өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша пікір алмасумен жалғасты.