Түркі мәдениеті және мұрасы қоры мен «Түркі әлемі» медиа-платформасы арасында ортақ тарихи тамыры бар түркі халықтарының мәдени мұрасын сақтау жөніндегі Қордың қызметін халықаралық аренада насихаттау және жариялау мақсатында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Құжатқа Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова мен «Түркі әлемі» медиа-платформасының басшысы, Trend халықаралық ақпараттық агенттігі директорының орынбасары Руфиз Хафизоғлу қол қойды.
Түркі мәдениеті және мұрасы қорының Президенті Ақтоты Райымқұлова бұл Меморандум Түркі әлемінің мұрасын одан әрі ілгерілетуге және таратуға, сондай-ақ кең аумақта тұратын түркі халықтарының одан әрі жақындасуына ықпал ететініне сенім білдірді.