Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Анкараға ресми сапары аясында Әзербайжан мен Қазақстанның Түркиядағы Елшілерімен кездесті
Анкараға ресми сапары аясында Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова Әзербайжан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшісі Рашад Мамедовпен және Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшісі Еркебұлан Сәпиевпен кездесті.
Кездесулер барысында Түркі мемлекеттері басшыларының Түркі халықтарының тарихи достық және бауырластық қарым-қатынастарының қазіргі заманда сәтті жалғасуы атап өтілді. Тараптар ұлттық-мәдени мұралардың жаһандық ауқымдағы, сондай-ақ Түркі әлемі халықтарының жақындасуындағы маңызды рөлін атап өтті. Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының түркі мемлекеттерінің ежелгі және бай құндылықтарын зерттеу, қорғау және халықаралық деңгейде ілгерілету бағытындағы көп қырлы қызметі жоғары бағаланды.
Кездесулер аясында Қор мен Әзербайжан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігі мен Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігі арасындағы ынтымақтастықтың болашақ бағыттары мен бірлескен жобалар талқыланды.
Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Анкараға ресми сапары аясында Әзербайжан мен Қазақстанның Түркиядағы Елшілерімен кездесті
1 970