БАКУ. ҚазАқпарат – Әзербайжанның Энергетика министрлігі қаңтар мен қыркүйек аралығындағы мұнай мен газ өндіру және оның экспортына қатысты есепті жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Министрліктің хабарлауынша, биылғы қаңтар-қыркүйекте Әзербайжанда 24,5 млн тонна мұнай мен оның конденсаты өндірілді. Аталған мерзімде сұйық көміртегілердің көлемі 5,3%-ке немесе 1,36 млн-ға азайды. Басқаша айтқанда мұнай көлемінің төмендеуі 10 млн баррельден көп болды.
Бұл ретте Әзербайжанда қаңтар-қыркүйек айлары аралығында «көгілдір отынның» жалпы өндірісі (мұнай скважиналарына толтырылған газ көлемін қоса алғанда) 34,4 млрд м3-ді құрады. Бұл өткен жылдың 9 айындағы көрсеткіштен 8,6% көп.
Мұнай экспортына келетін болсақ, бұл көрсеткіш 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 8,6%-ке өсті. Осылайша, биылғы жылдың қаңтар-қыркүйегінде Әзербайжан 19,7 тонна «қара алтын» экспорттады. Бұл ретте есепте қаңтар-қыркүйек аралығында елде өндірілген мұнайдың 80% экспортталғаны айтылады.
Серікбол Қошмағамбетов