Соңғы минут

Қазақстан

«Вакцинадан кейін 4 оқушы ауырып қалды»: Желідегі ақпаратқа түсінік берілді

ҚазАқпарат – «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев елді мекенінде вакцина алған оқушылар сабақ үстінде ауырып қалды» деген фейк-ақпарат әлеуметтік желіде тарап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

WhatsApp желісі арқылы тараған ақпаратқа сүйенсек, СҚО Тимирязев ауданы Тимирязев елді мекенінде коронавирусқа қарсы вакцина алған 4 оқушының екеуі сабақ үстінде ауырып қалған. Жазба иесінің айтуынша, мектепте 400 оқушы бар, соның тек төртеуі ғана екпе алуға келіскен.

СҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады. Мәселен, 21 қараша күні Тимирязев ауданында 9 жасөспірім екпе алған. Олардың барлығының жағдайы жақсы, денсаулықтарына шағымданғандар болмаған. Жалпы, бүгінге дейін облыста 571 жасөспірім Pfizer вакцинасын қойдырды.

Related articles