Лаңкестікке қарсы іс-қимылдар содырларды толық жойғанша жалғаса береді – Қасым-Жомарт Тоқаев

Лаңкестікке қарсы іс-қимылдар содырларды толық жойғанша жалғаса береді – Қасым-Жомарт Тоқаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясында Президент Әкімшілігінің, Қауіпсіздік Кеңесінің және күштік құрылымдар басшыларының қатысуымен кеңес өткізді. Жиын барысында еліміздегі қазіргі ахуал, сондай-ақ лаңкестікке қарсы іс-қимылдардың барысы мен өңірлердегі жағдай қарастырылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

– Антитеррор операциясы басталды. Күштік құрылымдар қауырт жұмыс атқарып жатыр. Негізінен бүкіл өңірде конституциялық тәртіп қалпына келтірілді. Жергілікті органдар жағдайды бақылауда ұстап отыр. Алайда лаңкестер қару қолданып, азматтардың жеке мүлкіне залал келтіруде. Сондықтан лаңкестікке қарсы іс-қимылдар содырларды толық жойғанша жалғаса береді, – Қасым-Жомарт Тоқаев.

Құрылымдық күштер басшыларының хабарлауынша, жалпы тәртіпті реттеуге атсалысу үшін Қазақстанға ҰҚШҰ-ның біріккен бітімгерлік әскери күштері келе бастады. Олар стратегиялық нысандардың қорғалуын қамтамасыз ету үшін белгілі бір шектеулі мерзімге ғана келді.