НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Хабар 24 телеарнасының хабарлауынша, бүгін түскі уақытта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жағдайға тоқталады. Бұл жайында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы мәлім еткен. Үндеу республикалық телеарналардан көрсетіледі. Айта кетейік, бүгін таңғы сағат 7:00-де Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясында Президент Әкімшілігінің, Қауіпсіздік Кеңесінің және күштік құрылымдар басшыларының қатысуымен кеңес өткізді. Жиын барысында еліміздегі қазіргі ахуал, сондай-ақ лаңкестікке қарсы іс-қимылдардың барысы мен өңірлердегі жағдай қарастырылды.