Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы күрт өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 28 қараша кешімен салыстырғанда 2,43 теңгеге өскен.
АҚШ долларының орташа бағамы 433,56 теңге болды.
Ұлттық банктің 29 қарашадағы ресми бағамы -1 доллар үшін 431,07 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 434,86 теңгеден сатылса, сатып алу – 436, 80 теңге.
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 434,98 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 436, 67 теңге.