ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы тағы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 22 қараша кешімен салыстырғанда 0,55 тиынға өскен. АҚШ долларының орташа бағамы 432,16 теңге болды. Ұлттық банктің 22 қарашадағы ресми бағамы - 1 доллар үшін 431,58 теңге. Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 433,77 теңгеден сатылса, сатып алу – 435, 05 теңге. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 433,81 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 435, 18 теңге.