Батыс Қазақстанда қолайсыз ауа райына байланысты жол жабылды

Батыс Қазақстанда қолайсыз ауа райына байланысты жол жабылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, «ҚазАвтоЖол» АҚ БҚО филиалының мәліметі бойынша 21 қараша күні сағат 07.30-дан республикалық маңызы бар Самара-Шымкент жолы (394-526 км, Жымпиты ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін) барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.

Жабылу себебі - қар аралас жаңбыр, көктайғақ.

Сондай-ақ осындай себеппен Самара-Шымкент жолының (710-526 км) Құршасай ауылынан БҚО шекарасына дейінгі аралығы да жабылған.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да өртенген екі тұрғын үйден үш газ баллоны шығарылғанын жазған болатынбыз.