Алматы әуежайы 9 қаңтарға дейін жабық

Алматы әуежайы 9 қаңтарға дейін жабық

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматы халықаралық әуежайы 9 қаңтарға дейін жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл ақпаратты Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі де растады.

«Алматы әуежайы 2022 жылдың 9 қаңтарына дейін жұмыс істемейді. Егер қосышма өзгерістер болып жатса, онда алдын ала хабарланатын болады», деп атап өтті әуежайдың баспасөз қызметінен.