НАТО бас хатшысы Түркияға барады

НАТО бас хатшысы Түркияға барады

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - 3-5 қараша аралығында НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Түркияға сапармен барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

НАТО баспасөз қызметінің мәліметінше, Й.Столтенберг Түркия Республикасының президенті Реджеп Тайып Ердоғанмен, сыртқы істер министрі Мевлютом Чавушоглу, қорғаныс министрі Хулуси Акармен және тағы басқа ресми тұлғалармен кездеседі.

Бейсенбі күні НАТО бас хатшысы М. Чавушоглумен бірге баспасөз мәслихатын өткізеді. 4 қарашада Й.Столтенберг Түркия президентімен Ыстанбұл қаласында кездеседі, Чанаккале қаласына барады.