АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның сыртқы істер министрі Солтүстік Македонияға екіжақты қатынастар тарихында тұңғыш рет сапар жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Солтүстік Македония Республикасына ресми сапары өтті. Оның барысында екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары және Солтүстік Македонияның ЕҚЫҰ-ға алдағы 2023 жылғы төрағалығы шеңберіндегі өзара іс-қимыл талқыланды.
Министр Президент Стево Пендаровскимен және Ассамблеяның (Парламенттің) төрағасы Талат Джаферимен кездесулер өткізді, сондай-ақ Сыртқы істер министрі Буяр Османимен келіссөздер жүргізді.