АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия тарапының бастамасы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың бапасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түркия Президенті Абай облысындағы алапат өрт салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевқа және бауырлас Қазақстан халқына көңіл айтты.
Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.