НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2022 жылғы 12 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау облысы. «Сары» аймақта: Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда, Қарағанды, Маңғыстау облыстары. «Жасыл» аймақта: Ақмола,Алматы, Түркістан, Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облыстары. Айта кетейік, Алматы қаласы мен Атырау облысы кеше «сары» аймақта тұрған болатын. Сонда-ақ, «сары» аймаққа Қызылорда, Қарағанды, Маңғыстау облыстары өтті. Бұлар кеше «жасыл» аймақа тұрған өңірлер болатын.