Исламбек Салжанов бүлік салдары туралы: Барлық кәсіпкерлерді көмектесуге шақырамын

Исламбек Салжанов бүлік салдары туралы: Барлық кәсіпкерлерді көмектесуге шақырамын

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Белгілі меценат, «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов кәсіпкерлерді зардап шеккен ғимараттарды қалпына келтіруге көмектесуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Еліміз үшін бұл қаралы күндері мен, азамат және патриот ретінде, барша қазақстандықтарды, әсіресе жастарды, провокацияларға шалдықпай, заң және қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырамын. Барлық отандастарды бірлесіп, ел егемендігін және Тәуелсіздігін бірге қорғауға шақырамын.Отан алдында қызметтік борышын орындау кезінде террористер қолдынан жақындары мен туыстары өмірлері қиылған барлық отбасыларға көңіл айтамын», - деп жазды И. Салжанов өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Өз сөзінде И. Салжанов еліміз үшін күрделі кезеңде Президент, Жоғарғы бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев өзіне толық жауапкершілікті алып, іштен және сыртта дайындалған деструктивті күштер тарапынан террористік агрессияны тоқтатқанын еске салды.

«Барлығымыз білетіндей, бүгін елдің барлық өңірлеріндегі жағдай Президенттің жеке бақылауында. Біз, Қазақстан азаматтары ретінде, Мемлекет басшысы айналасына бірігіп, тез арада тәртіптің қалпына келуі мен бейбіт өмірге оралуда қолдауымыз керек.

Қазақстанның барлық кәсіпкерлерін вандалдар қиратқан әкімшілік және әлеуметтік ғимараттарды тез арада қалпына келтіруге көмектесуге шақырамын. Осы қаралы күндер артта қалып, Қазақстанда әділдік және әрбір азаматтың әл-ауқаты басты мақсат болатын, гүлденудің жаңа кезеңі басталуына кәміл сенемін», - деді Исламбек Салжанов.