Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Ресей күні мерекесімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Ресей күні мерекесімен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинді және Ресей халқын ұлттық мерекесі – Ресей күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жеделхатында Ресей халқына амандық тіледі, сондай-ақ екі ел халықтарының игілігі мен мүддесі жолындағы ынтымақтастықтың нығая беретініне сенім білдірді.