Мұнай өнімдеріне акциз есептеу тәсілі өзгеруі мүмкін

Мұнай өнімдеріне акциз есептеу тәсілі өзгеруі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат – Мұнай өнімдеріне акциз есептеу тәсілі өзгеруі мүмкін. Ұлттық экономика министрі Азамат Әмрин Сенатта өткен дөңгелек үстелде ведомство атынан осындай ұсыныс жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мұнай өнімдерінің акцизін толайым саудаға емес, бөлшек саудаға есептеу ұсынылып отыр. Неге екенін түсіндірейін. Бұл жерде салық мөлшерлемесін қазіргі тәсіл бойынша арттырсақ, мұнай өңдейтін зауыты бар үш өңір ғана кіріс алады – Шымкент, Павлодар, Атырау», - деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, өздері ұсынып отырған тәсіл өзге өңірлердің кірісін арттыруы мүмкін.

«Ал акцизді бөлшек саудаға салсақ, басқа облыстар да кіріс алады. Өйткені мұнай өнімдері бүкіл өңірлерде бөлшек саудада сатылады. Әділдік тұрғысынан осы дұрыс болатын шығар. Себебі акциз мөлшерлемесі артқан екен, одан бүкіл облыстар кіріс көруі керек», - деді Азамат Әмрин.