Ресей газды бізге Еуропадағыдан бірнеше есе арзан бағамен бермек – Алмасадам Сәтқалиев

Ресей газды бізге Еуропадағыдан бірнеше есе арзан бағамен бермек – Алмасадам Сәтқалиев

АСТАНА. ҚазАқпарат – Үкіметтің кеңейтілген кеңесінен кейін БАҚ өкілдері Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтен Ресей аумағынан газ құбырын тарту жобасы туралы сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Газпром» басшылығы мен «Қазақгаз» компаниясының басшылығы бірқатар кездесу өткізді. Бізде Ресейден газ тасымалдайтын құбырдың алдын ала келісілген жаңа маршруты бар. Бұл жобалар үкіметтер деңгейінде мақұлданса, біздегі көздердің қосымша резерві болар еді.

Сондай-ақ, «Газпром» есебінен қосымша құбыр тарту арқылы резервтер қамтамасыз етіледі. Бірақ бұл келіссөз сатысында ғана. Дегенмен алдын ала тиімді маршуртты анықтадық деуге болады», - деді министр.

Оның айтуынша, кейін бұл құбыр Қытайға созылуы мүмкін.

«Бірақ қазір Қазақстанның сұранысын жабу туралы ғана айтып отырмыз. Олар бізге газды Беларустағыдан әлдеқайда арзанға береді. Алдын ала келіссөз жүріп жатыр. Ресей тарабы да жұмыс екіжақты режимде жүргенде ғана тиімді болатынын түсініп отыр. Сондықтан еуропалық бағалардан бірнеше есе төмен және Ресей-Беларусь шекарасындағы бағадан әлдеқайда төмен ұсынып отыр», - деді Алмасадам Сәтқалиев