Соңғы минут

Түркістан

Түркістан облысында қуаты 900 МВт бу-газ стансасы салынады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Түркістан облысында қуаты 900 МВт-қа жететін бу-газ стансасын салу мәселесі пысықталып жатыр. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түркістан облысындағы бу-газ жобасы бойынша техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу басталды.

Қор оңтүстік өңірде қуаты 900 МВт дейін тағы бір бу-газ стансасының құрылысын қарастырып жатыр.

Алматы қаласы мен Алматы облысында кабельдік желілерді қайта жаңғырту жобасы аясында құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды», - деді компания басшысы.

Фото: primeminister.kz