ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Онда жаңа өндірісті бастап беріп, өңір тұрғындарына мемлекеттік наградаларды табыстады.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты шарада сөйлеген сөзінде Асқар Мамин Ақмола облысы еліміздің маңызды аграрлық-индустриялық өңірлерінің бірі екенін атап өтті.
Тәуелсіздік жылдарында жалпы өңірлік өнім $446 млн-нан $5,4 млрд-қа дейін 12 есе өсті.