...

Алматыда «Almaty Invest» халықаралық инвестициялық форумы өтеді

Экономика Материалдар 29 November 2021 10:29
Алматы Kazinform Kazinform
Алматыда «Almaty Invest» халықаралық инвестициялық форумы өтеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Аlmaty Investment кезекті форумы қарсаңында Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин шарада қандай мәселелер талқыланатыны және осы жылы қандай форматта өтетіні туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин «Almaty Invest» халықаралық инвестициялық форумының маңыздылығына тоқталды.
«Almaty Investment» – кәсіпкерлікті дамыту мен қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыруды талқылауға арналған басты инвестициялық форум. Инвестфорум 2013 жылдан бері өткізіліп келеді және бүкіл әлемнің мемлекеттік сектор, бизнес басшылары мен инвестициялар мен инновациялар саласындағы жаһандық көшбасшылардың кездесуіне арналған эксклюзивті алаң болып қала беремек.
Биыл инвестфорумда Алматы үшін стратегиялық мәселелер – агломерация, урбандалу, цифрлық трансформация және адами капиталды интеграциялау талқыланады», - дейді басқарма басшысы.
Осы форум аясында қала әкімдерімен «Жаңа Жібек жолы мегақалалар» телекөпірі, қазақстандық және шетелдік компаниялардың сарапшылары мен ірі өкілдерінің қатысуымен панельдік пікірталастар, «Жыл жобалары» көрмесі өтеді, онда Алматы қаласының алдыңғы қатарлы жобалары мен бастамалары ұсынылады.
Сонымен қатар, биыл Алматының Іскерлік кеңесі алғаш рет әлеуметтік жобалар конкурсына бастамашы болды, оның қорытындысы бойынша үздіктерді кеңес мүшелері мен қала меценаттары қаржыландырады.

Тегтер:
Соңғы

Жаңалықтар таспасы