Баку. TurkicWorld:
Түркі мәдениеті және мұрасы қорының штаб-пәтерінде, Баку қаласында, Ұйымның президенті Ақтоты Райымқұлова ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раевпен кездесу өткізді.
Қонақтарды құттықтап, бірінші кезекте Ақтоты Райымқұлова ТҮРКСОЙ ұйымын 30 жылдық мерейтойымен, сондай-ақ Түркия Республикасын 100 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Кездесуде Ұйымның президенті Ақтоты Райымқұлова қазіргі түркі әлеміндегі жан-жақты байланыстарды нығайту мақсатында құрылған Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының Үйлестірілген қызметінің маңыздылығын атап өтті. Қор мен ТҮРКСОЙ арасындағы байланыстар туралы айта келе, Ақтоты Райымқұлова түркі халықтарының бай мәдениеті мен мұрасын одан әрі ілгерілетуге ықпал ете отырып, ұйымдар арасындағы екіжақты қатынастар одан әрі де жан-жақты дамитынына сенім білдірді
ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев Ақтоты Райымқұлованы Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті лауазымына тағайындалуымен құттықтай отырып, жауапты қызметіне табыс тіледі. Сонымен бірге бас хатшы, Сұлтан Раев ТҮРКСОЙ мен Қор арасындағы серіктестік байланыстарды одан әрі кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында 2024 жылға арналған бірлескен қызмет бағыттары және өзара қызығушылық тудыратын басқа да мәселелер бойынша пікір алмасумен жалғасты.