ҚР Президенті Алматыға келді

ҚР Президенті Алматыға келді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға келді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА терроризмге қарсы операция туралы ресми ақпараттар жарияланатын Telegram-каналға сілтеме жасап.

«Президенттің Алматыға келгенін растаймыз. Ол Алматыда өткен жедел штаб отырысына қатысты. Сондай - ақ, қаза тапқан полиция қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің туыстары мен жақындарымен кездесу өтіп, көңіл айтып, наградалар тапсырды»,-деп хабарлады Берік Уәли.