Сәуле Айтпаева тәртіпсіздікке бой алдырған азаматтардың аналарына үндеу тастады

Сәуле Айтпаева тәртіпсіздікке бой алдырған азаматтардың аналарына үндеу тастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенатор Сәуле Айтпаева елімізде орын алған жағдайға байланысты ҚР Президенті қабылдаған шешімге қолдау білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен еліміздің Президенті, Қауіпсіздік Кеңесі қабылдаған, соның ішінде ҰҚШҰ тарапынан көмек көрсету туралы шешімдерді қолдаймын», - деді Сәуле Айтпаева.

Сонымен қатар, депутат ереуілшілердің аналарына жүгінді.

«Мен тұрғын үйлер мен бинес мекемелеріне шабуыл жасап жүрген жастардың аналарын балаларын ақылға келтурге шақырамын. Баласын тек ана ғана зорлық-зомбылық әрекеттен тыя алады. Ал қойылып жатқан талаптарды бейбіт жолмен шешуге болады», - деді ҚР Парламент Сенатының депутаты.