Сенат депутаты Қазақстан халқын ынтымақ пен бірлікке шақырды

Сенат депутаты Қазақстан халқын ынтымақ пен бірлікке шақырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенат депутаты Нұрлан Бекенов Қазақстан халқын ынтымақ пен бірлікке шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қабылдаған іс-шараларын қолдаймын. Өйткені олардың басты мақсаты - Қазақстанның тыныштығын сақтау. Біз, Сенат депутаттары бұзақылардың бүлдірген істерін айыптаймыз. Барша халықты ынтымаққа, бірлікке, ауызбіршілікке шақырамыз. Құрметті халайық, ынтымақта болайық! Қазақстанға тыныштық, тұрақтылық, бейбіт өмір керек. Барша халықты осыған шақырамын», - деді Сенат депутаты.