...

Асқар Мамин Президентке ұлттық санақтың қорытындысы жайлы баяндады

Басқа жаңалықтар Материалдар 8 December 2021 09:01
Nur-Sultan Kazinform Kazinform
Асқар Мамин Президентке ұлттық санақтың қорытындысы жайлы баяндады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында жүргізілген Ұлттық халық санағының алғашқы нәтижелері туралы баяндалды, деп хабарлайды Ақорда.

Асқар Маминнің мәліметі бойынша қазақстандықтардың жалпы саны – 19 169 550 адам. Отандастарымыздың 48,71 пайызы – ерлер, 51,29 пайызы - әйелдер.

Қазақстан халқының орта жасы 31,94 жас деп көрсетілген. Жалпы халықтың 33,97 пайызы – 17 жасқа дейінгі балалар, 19,72 пайызы – 14-28 жас аралығындағы жастар. Еліміздегі қазақтардың үлесі – 70,18 пайызға жеткен.

Халықтың 59,05 пайызы, яғни 11 320 410 адам еңбекке жарамды деп танылған.

Соңғы

Жаңалықтар таспасы