Қазақстан-Әзербайжан ынтымағы жаңа кезеңге аяқ басқалы тұр

Қазақстан-Әзербайжан ынтымағы жаңа кезеңге аяқ басқалы тұр

Қазақстан мен Әзербайжан арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 30 жыл толып отыр. ҚазАқпарат осы уақыт аралығында бауырлас елдердің ынтымағы қалай ілгерілегеніне шолу ұсынады.

Осыдан тура 30 жыл бұрын, дәлірек айтсақ, 1992 жылдың 27 тамызда Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орныққан еді.

Тарихи өлшеммен қарағанда бұл қысқа мерзім болып көрінуі мүмкін. Бірақ бауырлас елдердің мемлекетаралық қатынастары дәл осы кезеңде қалыптасып, нығайды.

2005 жылы Бакуде қол қойылған Стратегиялық серіктестік және одақтастық қарым-қатынас туралы шарт екі елдің ынтымағын жаңакезеңге шығарды.

Басқаша айтсақ, екі елдің достығы мен одақтас қатынастары осы құжаттан тамыр алып жатыр.

Посткеңестік аумақтағы бауырлас екі ел бір-бірінің егемендігі мен аумақтық тұтастығын сөзбен ғана емес, нақты іс-әрекетпен де ашық қолдап келеді.

Көпвекторлы және теңгерімді сыртқы саясат қазіргі заманғы сын-қатерлерде, оның ішінде әлемде соңғы айларда байқалған геосаяси турбуленттілік жағдайында өзінің мызғымастығын көрсетті.

Бүгінде Қазақстан мен Әзербайжан арасында мақұлданған түрлі сипаттағы 90-ға жуық құжаттардың базасы бар. Оның ішінде мемлекетаралық шарттар, үкіметаралық келісімдер жәнеөзге деқұжаттар бар.

Ынтымақтастық форматына келсек, ол көпжақты бсипатқа ие. Ал БҰҰ, ЕҚЫҰ, ИЫҰ, АӨСШК, ТҮРКСОЙ, ОТГ сияқты халықаралық және өңірлік ұйымдардың бәрінде екі елдің әрекеті үйлесім тапқан.

Сонымен қатар, екі елдің заңнамалық органдары арасында тығыз өзара іс-қимыл жолға қойылған. Мемлекеттер арасындағы екіжақты байланыстардың негізіне саяси ғана емес, экономикалық қатынастар да кіреді.

Әзербайжан бүгінде Қазақстанның оңтүстік Кавказдағы негізгі сауда-экономикалық әріптесі болып есептеледі.

Ал импорт 77,3%-ға, яғни, 44,4 млн долларға дейін ұлғайды. Алайда 2020 жылы коронавирус шектеулерінің салдарынан Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы 109,2 млн доллар болған еді. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 37% аз еді.

ҚР Ұлттық Банкінің деректері бойынша, 2005-2020 жылдары Әзербайжаннан тартылған инвестициялар көлемі 306,5 млн доларға жетті. 2018-2019 жылдары Әзербайжан Қазақстанға 12,7 млн доллар инвестиция кіргізген.

Қазақстан аталған кезеңде бұл елге 75,7 млн доллар инвестиция салған. Бұл ретте оның басым бөлігі кейінгі үш жылға тиесілі – 45,4 млн доллар (2018 жылы – 3,7 млн, 2019 жылы – 12,9 млн, 2020 жылы – 28,8 млн доллар).

Қазақстаннан Әзербайжанға жолданған экспорттың негізгі бөлігін арнайы мақсаттағы жүзу құралдары, теміржол локомотивтері, мұнай өнімдері, бидай, ұннан жасалған кондитерлік өнімдер құрады.

Ал көрші мемлекеттен Қазақстанға импорт ретінде пропилен және этилен полимерлері, тоқымадан жасалған қаптама құралдары, сымдар, кабельдер, алма, алмұрт, айва және т. б. тауар түрлері әкелінген.

Биыл маусым айында Бакуде өткен Қазақстан сауда-экономикалық миссияның кезекті отырысында елеулі оқиға болды. Соның нәтижесінде қазақстандық экспорттаушылар әзербайжандық әріптестерімен 38 млн доллардан астам сомаға келісімшарт жасасты.

Былтыр қыркүйек айында сауда-экономикалық миссия аясында 32,9 млн доллардың келісімі жасалып, локомотивтер, болат иелгі, металл бөшкелер, жиһаз, тұздалған және кондитерлік өнімдер жеткізуге арналған бірқатар келісімшартқа қол қойылды.

Жуықта құрылған «Қазақстан-Әзербайжан іскерлік кеңесіне» үлкен үміт артылып отыр. Бұл құжат екі елдің бизнес ортасы үшін диалог алаңы болмақ.

Аталған кеңес мемлекеттік органдарға ұсынымдар әзірлеп, бизнес деңгейінде туындайтын проблемаларды жедел шешу мүмкіндік ашады.

Сауда-экономикалық байланыстарды жолға қою үшін 2020 жылдың қыркүйегінде Әзербайжанда «Қазақстанның Сауда Үйі», ал 2021 жылдың мамыр айында Нұр-Сұлтанда «Әзербайжанның сауда үйі» ашылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл құрылым іскер топтар үшін диалог алаңы ретінде әрекет етіп, екі елдіңсауда айналымына тың серіпнберуі керек.

Қытайдан Еуропаға экспорттық жүк ағындарын Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) арқылы қайта бағдарлауға байланысты транзиттік-көлік ынтымақтастығын кеңейту жұмыстары қолғаалынып жатыр.

Мәселен, наурыз айында қазақстандық делегация Әзербайжанға жұмыс сапарымен барды. Ал сәуір айының соңында ведомство басшылары мен ТХКБ өкілдері қатысқан келіссөз жүргізілді.

Сонымен қатар, шілде айының соңында Бакудың бастамасымен Әзербайжан, Түркия, Қазақстан Сыртқы істер министрліктерінің басшылары мен көлік саласындағы жауапты тұлғалардың үшжақты кездесуі өтті.

Кездесуде тараптар Азия-Еуропа бағыты бойынша сауда байланыстарын дамыту және көлік бағыттарын әртараптандыру үшін Әзербайжан-Түркия-Қазақстан дәлізінің учаскесінде жүк тасымалы көлемін ұлғайтудың маңыздылығын атап өтті.

Аталған дәліз шеңберіндегі транзиттік және көлік-логистикалық ынтымақ өзара тиімді әріптестіктің негізгі драйвері болмақ.

2022 жылдың алғашқы екі айында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы жүк тасымалының көлемі 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 149% артқан.

«Қазақстан Темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Әзербайжандағы өкілдігі ұсынған мәліметке сүйенсек, 2021 жылы тасымалдау көлемі 832,2 мың тонна болған.

Транзиттік тасымалдарға келетін болсақ, оның көлемі 36,5 мың тоннаға (16%) ұлғайған.

Бұл азық-түлік тасымалының өсуіне байланысты. Зангезур дәлізінің ашылуы транзиттік әлеуетті арттыруға және екі арадағы жаңа транзиттік жүк ағындарын тартуға қосымша серпін болар еді.

Бүгінде екі ел де Қазақстанның Ақтау және Құрық теңіз порттары (қуаттылығы - 26 млн тонна) мен қуаттылығы 15 млн тонна құрғақ жүк пен 100 мың контейнерге шақталған әзербайжандық Алят порты арасындағы тығыз өзара іс-қимылды дамытуға мүдделі.

Сондай-ақ, 2017 жылы қол қойылған «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «Әзербайжан темір жолдары» ЖАҚ арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім аясында қазақстандық жүк электровоздары Әзербайжанға 500 млн доллардан астам сомаға жүк жеткізгенін айтуға болады. Ал 2015-2016 жылдары Әзербайжан Қазақстаннан 10 тепловоз бен 450 бағыттаушы және дөңгелекті-бандаждық өнім сатып алған болатын.

Биыл наурыз айында «Самұрық-Қазына» АҚ делегациясы Әзербайжан Үкіметімен кездесугебарды. Күн тәртібіндегі негізгі тақырыптардың бірі теміржол арқылы жүк жеткізу және транзиттеу болды.

Келіссөз қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді тариф белгілеу және жүктерді декларациялау мәселелерін шешу үшін бірлескен кәсіпорын құруға уағдаласты.

Әзербайжан Азиядан Еуропаға энергия ресурстарын тасымалдаушы көпір рөлін атқаратыны белгілі. Бүгінде «ҚазМұнайГаз» бен Әзербайжанның SOCAR мемлекеттік мұнай компаниясы арасында Баку-Тбилиси-Джейхан бағыты бойынша Қазақстан мұнайының едәуір бөлігін тасымалдау бойынша келіссөз жүріп жатыр. Осы арқылы әлемдік нарыққа жылына 1,5 млн баррель қазақстандық мұнай шығару көзделіп отыр.

Өзара инвестицияларды қамтитын ірі бірлескен жобалардың ішінде Қазақстан астығын қабылдауға және бірлескен кәсіпорнын (2007 жылдан бастап жұмыс істейді), Әзербайжанның жеміс-көкөніс өнімдерін қабылдау, сақтау, қайта өңдеу және тасымалдау жөніндегі логистикалық орталығын (құрылысы 2016 жылы аяқталды), өздігінен көтерілетін қалқыма бұрғылау құрылғысын, «Satti» бұрғылау қондырғысын (2019 жылы Әзербайжан тарапына берілді), Қазақстан-Әзербайжан бағытындағы Каспий теңізінің түбі арқылы өтетін талшықты-оптикалық байланыс желісін, ақпараттық технологиялар саласындағы транзиттік инфрақұрылым құру жобасын (құрылыс 2019 жылы іске қосылды), Ақтау қаласындағы көпсалалы медициналық орталықты (аяқталу сатысында) атап өтуге болады.

Екі арадағы сауда-саттықты дамытуда Әзербайжан кәсіпкерлері жоғары инвестициялық белсенділік танытып отыр.

Бүгінде Қазақстанда Әзербайжан капиталы бар 500-ден астам компания тіркелген.

Ол инвестициялар сауда-делдалдық қызмет, жол құрылысы, қайта өңдеу және логистика салаларын қамтиды.

Ал Әзербайжанда Қазақстан капиталымен өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда, қызмет көрсету, құрылыс және көлік салаларында жұмыс істеп жүрген 145-ке жуық компания жұмыс істейді.

Қазақстан мен Әзербайжанның жетекші жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақ та қарқынды дамуда. Бүгінде екі елдің білім мекемелерінде оқу және ғылыми тағылымдамадан өту үшін студенттер алмасу тұрақты негізде жүргізіледі.

Әзербайжанның Мемлекеттік Теңіз академиясы, Баку мемлекеттік университеті, Әзербайжан технологиялық университеті (UTECA) сияқты бірқатар жоғары оқу орындарында ондаған қазақстандық тегін оқиды.